2025 жылы 16 қыркүйек күні сағат 11.00–де аудандық кітапханада «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты кездесу өткізілді.
- Толығырақ
- Құрылды 18.09.2025 14:24
Кездесуге спикер ретінде Уәлиханов аудандық прокуратурасының прокуроры Надыров Аслан Мырзаханұлы, білім бөлімінің инклюзия бойынша әдіскері Уажанова Жарқынай Ермековна, кәсіпкерлік,
ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі Рустем Арман Жанатұлы, «Ақ орамал» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, тіл жанашыры Егімбаева Күләш Нағымжанқызы және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Уәлиханов аудандық филиалының төрайымы Мүшелбай Жанаргүл шақырылды.
Қатысушыларға мемлекеттік тіл саясаты мен тіл туралы заңнаманың талаптары, қоғамдағы тіл мәдениетін көтеру және жастар арасында қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту туралы ақпараттар берілді.




