2025 жылдың 5 қыркүйек күні «Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі» КММ – де Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Тіл ұлттың жаны
- Толығырақ
- Құрылды 12.09.2025 13:00
2025 жылдың 5 қыркүйек күні «Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі» КММ – де Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Тіл ұлттың жаны.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің атасы» атты дөңгелек үстелді колледжіміздің кітапханасы Р.К. Расулова ұйымдастырды. Аталған шара ұлт зиялысы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ғалым, ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келді.
Дөңгелек үстел жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға үлкен рухани әсер қалдырды. Колледж студенттері өз ойларын ашық айтып, тілге деген құрметтерін өлең жолдары арқылы жеткізді. Сондай – ақ, оқытушылар мен қатысушылар арасында еркін пікір алмасу орын алды.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған осындай іс-шаралар жастардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыруға зор ықпал етеді.





