«Junior Skills – 2025»
- Толығырақ
- Құрылды 25.04.2025 10:09
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтарының беделін арттырудың маңыздылығына ерекше назар аудара отырып, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.
Бұл бастама жастар арасында техникалық және кәсіптік білім беруді насихаттауға, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға қызығушылықты арттыруға бағытталған.
Президенттің Жарлығына және жыл сайынғы кәсіптік бағдар беру жұмыстарына сәйкес, 2025 жылғы 23 сәуір күні «Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжі» КММ қабырғасында «Junior Skills – 2025» аудандық байқауы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – мектеп оқушыларын колледжде оқытылатын жұмысшы мамандықтармен таныстыру, кәсіби бағдар беру және оқу орнының мүмкіндіктерін көрсету болды.
Бұл шара дарынды да белсенді оқушыларды бір ортаға біріктіріп, олардың кәсіби дағдыларын дамытуына және заманауи мамандықтармен тәжірибе жүзінде танысуына мүмкіндік берді. Байқауға аудан мектептерінің 9-сыныптарынан 42 оқушы қатысты.
Конкурс барысында оқушылар нақты тапсырмаларды орындап, өздерінің шеберлігін көрсетті. Байқау екі құзырет бойынша өтті: «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» және «Аспаздық іс». Оқушылар өздерінің техникалық шеберліктерін іс жүзінде көрсетіп, жаңа білім мен тәжірибе алды.
Жеңімпаздар тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, шығармашылық тұрғыдан көзге түсті. Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, үздіктер дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Колледж директоры Сайран Кенжетайұлы Ташкин өз сөзінде: «Junior Skills – бұл жай ғана байқау емес, бұл – әр оқушының болашақ мамандығына алғашқы қадам жасау мүмкіндігі. Біз жастарымыздың табысына қуаныштымыз және мақтан тұтамыз» – деп атап өтті.