12/03/2025  Сәрсенбі

Ауа райы

16- желтоқсан

Желтоқсанның 13 – ші жұлдызы күні колледжімізде “ Оқуға құштар колледж” жобасы аясында, 16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай колледжіміздің кітапханашысы Қ.Ж.Койшибаева студенттермен  бейне – баян түсірді. Тәуелсіздік – ел бақыты, ұлт мақтанышы! ✨ 1991 жылдың 16 желтоқсанында халқымыз арман болған азаттыққа қол жеткізді. Бұл күн – қазақ халқының мыңдаған жылдар бойғы күресі мен тәуелсіздікке деген ұмтылысының жемісі. Тәуелсіздігіміз – ата-бабамыздың қаны мен тері, аналарымыздың ақ тілеуі мен батырларымыздың ерлігінің арқасында келген ең қастерлі құндылығымыз.  Тәуелсіздіктің таңы мәңгілік атсын! Ел іргесі берік, болашағымыз жарқын болсын!