12/03/2025  Сәрсенбі

Ауа райы

Ашық есік күні

8 қараша күні  "Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжі" КММ қабырғасында "Ашық есік күні" іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға ауылдың үш мектебі қатысты.

Іс-шара құттықтау сөздермен басталып, әрі қарай колледж кабинеттері бойынша экскурсия өткізілді. Оқушылар колледж өмірімен, материалдық базасымен танысты. Оқушыларға колледжіміздің оқу кабинеттеріне, жатақханасына, кітапханасына экскурсия жасатылды. Сондай -ақ оқушыларға аспаздық шеберлік сабақтары мен  автокөлік жаттықтырушысы арқылы  шеберлік сабағы көрсетілді.  Іс шара соңында спорттық эстафета өткізілді. Эстафеталық жарысқа 4 команда қатысты.

3 орынды – «Мектеп жанындағы интернаты бар №2 Кішкенекөл орта мектебі» және «Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясы» командалары иеленді.

2 орын «№ 1 Кішкенекөл орта мектебі» командасы иеленді

1 орын «Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжі» командасы иеленді.

Ең белсенді қатысушылар жеке мадақтама қағаздарымен марапатталды. Барлық жүлдегерлер мадақтамалармен, кубоктармен марапатталды.

image1

image2

image3

image4

image5