«Тіл – татулық тірегі»
- Толығырақ
- Құрылды 18.09.2024 16:46
Тіліміз — бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы. Әрбір адам баласы өз тілін құрметтеуге міндетті. Сонымен қатар өзге тілдіде құрметтеуге, жәнеде оны білген артық етпейді. Менің ойымша, егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам деп ойлаймын.
Қыркүйектің 5 -ші жұлдызында Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде
«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітапханашы Койшибаева Қ.Ж «Тіл – баға жетпес мұра» атты көрме мен «Тіл –татулық тірегі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру. Шара барысында 11 топ студенті Хусаинов Рауан «Тіл – біздің тұтастығымыз» атты дайындаған мақаласын оқып, мақала бойынша дөңгелек үстел қатысушылары өз ойларын ортаға салып талқылады. 21 топ студенті Кеңесов Алихан «Туған тілім» атты өлең жолдарын оқып берді. Дөңгелек үстелге қатысушылар өткізілген іс-шара бойынша пікірлерін білдіріп, осы бағытта шараларды жиі өткізіп отыру жөніндегі ниеттерін жеткізді.