08/09/2024  Жексенбі

Ауа райы

Ағымдағы жылдын 7 наурызында Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжында Халқаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өткізілді

Ағымдағы жылдын 7 наурызында Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжында Халқаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өткізілді. Мереке оқу-өндірістік жұмысы бойынша директордың орынбасары Б.А.Каркошевтың әйелдер қауымын құттықтау сөзімен ашылды. Мерекеге орай ұстаздар мен студент қыздарға арналған әндер шырқалып, билер биленіп, жыр-шумақтары төгілді. Кештің шырайын келтірген 11-топ студенттерінің орындауындағы көрініс болды.

Колледждің студент қыздарының жаңа үлгідегі «Қазақ биі» және «Испан биі», ұлдардың орындауындағы флеш-моб, студент Айкешева Дильзаданың орындауындағы «Аяулы әже» әні көрермен жүрегіне жылы сезім сыйлады. Колледжімізде студенттер жас ерекшелігіне қарамастан өз өнерлерін ортаға салып, қыздарды қуантуға тырысты, өздері де осы мерекелік концерттен жақсы әсер алды. Колледжіміздің сұлу да инабатты қыздары мен ұстаздары назардан тыс қалмай, ер азаматтардың жақсы лебіздеріне ие болды. Мерекеге 11 – топ студенттері мен куратор Расуллова Р.К., өндірістік оқыту шебері Дюсенов Ж.А. жауапты болды. Іс-шара жоғарғы деңгейде өткізіліп, колледж студенттері өздерінің өнерімен әйелдер қауымының көңілінен шыға білді.

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries