16/09/2024  Дүйсенбі

Ауа райы

Наурыз мерекесі

18.03.22-1

Қазақстанда Наурыз мерекесі-көктемнің келуіне арналған мереке. Наурыз мерекесі біздің колледжде де жалғасуда.


Бүгін бізде "Қош келдің Наурыз" атты жалпыколледждік іс-шара өтті. Бұл күн студенттер мен оқытушылардың басын қосып, жылдың ең жарқын оқиғаларының бірі болды. Мерекелік бағдарламаны колледж директоры Ташкин Сайран Кенжетайұлы ашты. Қазақ халқы аға ұрпаққа құрмет көрсетіп, батасын алуды әдетке айналдырған. Шарамыз Қыдыр ата батасымен басталды.
Колледж кітапханашысы Қойшыбаева Карлыга Жумахановна топ кураторларымен және студенттермен бірге мерекелік бағдарлама дайындады.
Ал бағдарлама қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін, ойындарын, әндерін, билерін көрсетуден тұрды.
Осылайша 31 топ "Құда түсу", 32 топ – "Беташар", 12 топ - "Бесікке салу", 11 топ - "Азан шақырып ат қою", 21 топ - "Тышырма"рәсімдерін көрсетті. Әділ  қазылар алқасы топтардың өнерін бағалады. Қазылар алқасының шешімі бойынша номинациялар берілді:
"Үздік дастархан" - 12 топ
"Үздік өнер" - 32 топ
"Үздік салт-дәстүр" - 11 топ
"Үздік ұлттық ойын" - 21 топ
"Үздік ұлттық киім" - 31
Кешіміз мерекелік көңіл күйде, жылы және өте жайлы болды. Ешкім шетте қалған жоқ. Мереке қонақтары колледж әкімшілігі мен оқытушылары болды. Бір-бірімізге жылы лебіздер мен бақыт, қуаныш, жақсылық және молшылық тілектері айтылды.
Наурыз мейрамын тойлаудың ең жақсы ұлттық дәстүрінде бұл күн өте қызықты және көңілді өтті.

18.03.22-1

18.03.22-1

18.03.22-1 18.03.22-1 18.03.22-1 18.03.22-1

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries