23/11/2024  Сенбі

Ауа райы

ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Қымбатты отандастар!
Құрметті Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері!

Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз.
Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. 
Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік.
Еліміз Тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Бұл кезеңнің оңай болмайтыны қазірдің өзінде айқын байқалуда. Сондықтан, кез-келген сын-қатерге дайын болуға тиіспіз. Тынымсыз ізденіп, ұдайы алға ұмтылуымыз қажет.
Менің Қазақстан халқына биылғы Жолдауым мынадай мәселелерге арналады.
        І. ПАНДЕМИЯДАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ
Орталық Азиядағы экономикасы ең ауқымды ел саналатын Қазақстан қазір пандемияның зардабын тартуда. Дегенмен, қиындықтарға қарамастан, бағдарымызды берік ұстанып келеміз.
Біз орта мерзімді экономикалық саясатымызды айқындап, мемлекеттік бастамаларды реттеу үшін 2025 жылға дейінгі дамудың Ұлттық жоспарын және Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабылдадық. Ұлттық жобалар бекітілетін болады.
Бюджеттің кірісін арттыру үшін шаралар қабылдау қажет екені сөзсіз. Бірінші кезекте, мемлекеттік шығыстардың ауқымын және оның тиімді жұмсалуын бақылауда ұстау керек.
Ұлттық қордың активтерін қалпына келтіру үшін бюджет ережесін енгізуді тездеткен жөн. Бұған қажетті заңнамалық өзгерістер осы жылдың соңына дейін қабылдануға тиіс. 
Орта мерзімдегі мақсатымыз – 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтіп, 24 миллиард долларға жеткізу. Ал, еңбек өнімділігін 30 пайызға арттыру. Әзірленіп жатқан «Өнеркәсіп саясаты туралы» заң өңдеу өнеркәсібінің алдында тұрған сауалдарға жауап беруге тиіс.
Үкімет пен Ұлттық банктің басты міндеті – инфляцияны 4-6 пайыз деңгейіне қайтару. 
II. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған.
Коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды.
Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын Ұлттық жүйе құрылуға тиіс.
Бұл шара тиісті заң жобасында қарастырылған.
Медициналық сараптама жасайтын көптеген зертханамыз халықаралық стандартқа сай емес.
«Дені сау ұлт» жобасы бойынша кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялық құралдармен жабдықтау қажет.
Жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты жандандырған жөн.
Инвесторларды тартып,  озық технологияны және осы саладағы жаңа зерттеу жұмыстарын игеруді қолға алу керек.
Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17 пайызы ғана – отандық өнім. 2025 жылы оны 50 пайызға жеткізу қажет.
Денсаулық кепілі – дене шынықтыру.
Жұрттың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет екенін тағы да қайталап айтамын.
Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымын біртіндеп салуды қамтамасыз етуге тиіс. 
III. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ
Биылғы қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейді.
Алдағы үш жылда осы мақсатқа тағы 1,2 триллион теңге жұмсаймыз.
Қабылданған шаралар жемісін беріп жатыр. Педагогикалық мамандықты қалап, оқуға түскендердің орташа балы күрт өсті.
Біз ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыра береміз.
Мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуіміз керек деп санаймын. Өйткені олар шәкіртінің бойына жаңа білім сіңіре алатындай нағыз ағартушы болуға тиіс.
Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді. Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025  жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді. Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін.   
Біз «Тегін техникалық және кәсіби білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастырамыз.
Бүгінгі таңда NEET санатындағы 237 мың жас оқу да оқымайды, жұмыс та істемейді. Бұл жағдайды түзету қажет. Сұранысқа ие барлық мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім жүз пайыз тегін берілуі керек.
Мамандық алудың тағы бір мүмкіндігі армияда берілуге тиіс.
Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың экономикадағы нақты сектор үшін қажетті жұмысшы мамандығын игеру мәселесін пысықтаған жөн. 
Құзырлы министрлік жоғары білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз етуге тиіс.  
Келесі мәселе. Грант мерзімінің үш жылмен шектелуі  іргелі ғылымды дамытуға едәуір кедергі келтіріп отыр. Осындай қысқа жоспарлау мерзімінде қандай да бір нәтижеге қол жеткізудің өзі қиын екені анық.Ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту мәселесін қарастырған жөн.

 

IV. ӨҢІРЛІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ
«Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» басты қағидаты – мемлекеттік аппарат азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Бұл бірінші кезекте жергілікті билікке қарата айтылып отыр.
Формальды есептерден гөрі сауалнамадан халықтың көңіл-күйі анық аңғарылады.  
Президент Әкімшілігі осы мәселеге байланысты ұсыныстар топтамасын әзірлеуі керек.
Бюджет үдерісін «қайта жүктеу» үшін жан басына қарай қаржыландыру тетігін неғұрлым кеңірек қолданып, бюджет лимиттерін бөлудің объективті әдістемесін енгізу қажет. 
Қазақстан орнықты урбанизация үрдісімен келе жатыр.
Тұрғын саны миллионнан асатын қалалар еліміздің жаһандық бәсекелік қабілетінің тірегі, ал облыс орталықтары өз өңірлері өсімінің өзегі болуға тиіс.    
Сондықтан, агломерацияны дамыту туралы заң мен қалалардың кешенді құрылысының жаңа стандартын әзірлеу керек.
«Адамдар – инфрақұрылымға» қағидатының сақталуы айрықша маңызды. Болашағы бар ауылдарды дамытуға баса назар аудару керек. Басты мақсат – олардың Өңірлік стандарттар жүйесіне сай болуын қамтамасыз ету. 
Енді абаттандыру және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының бюджетіндегі «халық қатысатын» үлесті 10 есе арттыру керек. 
Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы он жылдың ішінде жаһандық деңгейде су ресурсының тапшылығы болады деп болжам жасап отыр. 2030 жылға қарай  су тапшылығының көлемі 40 пайызға жетуі мүмкін.Сондықтан, біз жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керек. Су нысандарының экожүйесін сақтап, оны үнемді пайдалану үшін аса маңызды 120 каналды қайта жаңғыртуға кірісеміз. 
Көмір дәуірі біртіндеп келмеске кетіп бара жатқан заманда жаңғыртылатын энергияға қоса, біз сенімді базалық қуат көздерін ойластыруға тиіспіз. Қазақстанда 2030 жылға қарай электр қуатының тапшылығы пайда болады.
Үкімет пен «Самұрық-Қазына» бір жылдың ішінде Қазақстанда қауіпсіз әрі экологиялық таза атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеуге тиіс.
«Жасыл» сутегі өндірісі, жалпы сутегі энергетикасы – болашағы зор бағыттар.
Үкіметке осы мәселе бойынша да ұсыныс әзірлеуді тапсырамын.   
        V. ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА ТИІМДІ ЭКОЖҮЙЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Пандемия еңбек нарығын едәуір өзгертті. Бұл – ең алдымен, қашықтан жұмыс істеу тәсілінің қарқынды дамуы.
Сондықтан, бізге «Кәсіби біліктіліктер туралы» заң қажет. Бұл құжат біліктілікті тану мәселесін реттеп, жұмысшыларды өзінің қарым-қабілетін жетілдіруге ынталандыруы керек. 
Жаппай цифрландыру үдерісі интернет-платформалар негізінде жұмыспен қамтудың жаңа үлгісін алып келді.
Қазақстан – еңбек мигранттарын қабылдау жағынан ТМД елдері ішінде екінші орында. Бұл саладағы проблемаларды дұрыс шешуіміз керек. Үкімет Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге тиіс. Онда шетелдерде жұмыс істеп жүрген өз азаматтарымыздың құқықтарын қорғау тәсілдері де көрініс тапқаны жөн. 
Ел ішіндегі еңбек күшінің ұтқырлығы мәселесіне қатысты да жаңа ұстанымдар қажет.
Үкімет оңтүстіктен солтүстікке көшіп жатқан азаматтарға жәрдемақы бөлудің қолданыстағы тәсілдерін қайта қарауы керек.
Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан, қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету – басты міндеттердің бірі.  Алайда, қоғамда патерналистік көңіл-күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алуда. 
Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды әдейі жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтар аз емес. 
Мұндай адамдар кез-келген өркениетті елдегі сияқты заңның және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек.
Дайындалып жатқан Әлеуметтік кодексте осындай мәселелерге барынша назар аудару керек.  
        VI. ПОЛИТИЧЕСКАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ И ЗАЩИТА ПРАВ ЧЕЛОВЕКА
Поэтапная политическая модернизация – одна из главных задач стратегического курса нашего государства.
За последние два года в этой сфере нам удалось осуществить целый ряд серьезных преобразований. Принят новый закон, закрепивший уведомительный принцип проведения митингов; до 5% снижен порог прохождения партий в Мажилис; в избирательные бюллетени добавлена графа «против всех».
Важнейшим шагом стало введение прямой выборности сельских акимов. Это принципиальный момент политической реформы, предложенной мной в прошлогоднем Послании. Данное решение напрямую затрагивает интересы сельчан, то есть более 40% казахстанцев. Мы на правильном пути. И уже в 2024 году граждане получат возможность в пилотном режиме избирать акимов районов.
Важный фактор дальнейшей модернизации местного самоуправления – развитие гражданской культуры.
Администрации Президента предстоит разработать эффективный механизм поддержки гражданских инициатив в сельской местности. Нужно адаптировать под запросы сельских НПО систему грантового финансирования, внедрить упрощенный режим их получения. Это придаст хороший импульс для социальной активности на селе.

VII. КОНСОЛИДАЦИЯ КАК ГЛАВНЫЙ ФАКТОР ДАЛЬНЕЙШЕГО ПРОГРЕССА
Казахстан входит в совершенно новую эпоху, несущую фундаментальные изменения во все сферы жизни. В условиях глобальной нестабильности и множества новых вызовов нам нужно укрепить свои ценностные ориентиры, сформировать четкий образ будущего.
Наш главный принцип «единство в многообразии» незыблем. Поэтому гармоничное развитие межэтнических отношений всегда было и будет одним из магистральных направлений государственной политики Казахстана. И это не просто риторика, такой подход поддерживает абсолютное большинство казахстанцев. Для наших граждан согласие, толерантность – это сама жизнь, живая реальность, обусловленная взаимопроникновением культур и языков.
В соответствии с нашей Конституцией государственным языком является казахский. Русский язык обладает статусом официального языка. Его использованию, согласно нашему законодательству, препятствовать нельзя.
Каждый гражданин, связывающий свое будущее с нашей страной, должен приложить все усилия к изучению государственного языка. Это и есть одно из проявлений настоящего патриотизма.

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries