21/11/2024  Бейсенбі

Ауа райы

Ананың тілі-жүректің үні

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе.

Уалиханов ауылшаруашылық колледжінде 16-23 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты тілдер апталығы өтті. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша колледжіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.

Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған директордың оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Б.А.Каркошев тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады.

Қазақ балаларының өзге тілді меңгергеніне қуанып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көргенде, бір жасап қаламыз.Ұстаздар қауымының басты міндеті- студенттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Б.А.Гиззатова, К.С.Касенова  «Ананың тілі-жүректің үні» атты шығармалар сайысын ұйымдастырса, М.М.Тлеуке «Мен көп тілді білемін» атты интеллектуалды сайыс өткізді. Сайысқа 1-2курс студенттері белсенді қатысты.Орыс тілі пәнінің мұғалімі  ұйымдастыруымен « Если дружат люди- дружат языки» атты мерекелік іс-шара 1-2 курс студенттерінің қатысуымен ( Ұйымдастырушы: Р.Д.Каженова) қазақ тілі кабинетінде атап өтілді.

Қазақ тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл - татулық тірегі» атты тілдер апталығының әдеби-танымдық қорытынды кеші өтті. Колледж директордың оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Б.А.Каркошев құттықтау сөзінде Елбасының данышпан саясатының арқасында елімізде қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін, мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып, маңызды апталықта белсенділік танытқан топтарды, жеңімпаз топтарды, жеке тұлғаларды атап, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді.

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries