16/09/2024  Дүйсенбі

Ауа райы

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ТАРИХШЫСЫ

Еліміздің тарихшыларын қолдау мақсатында қолға алынған Республикалық «Үздік тарихшы» жобасы аясында «Жылдың үздік жүз тарихшысы» атты үздік тарихшылар байқауыөткізілді. Байқауға Республика көлеміндегі ЖОО-ның және колледждің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қатысты. Аталған байқауға колледжіміздің жоғарғы санатты тарих пәнінің оқытушысы, ардақты ұстазымызЛәззат Қабиболлақызы Сарбасова қатысып, жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломымен және арнайы тағайындалған «Жылдың үздік тарихшысы» төсбелгісі марапатталды.Сонымен қатар Ләззат Қабиболлақызының есімі «Жылдың үздік жүз тарихшысы» атты материалдар жинағына енгізілді. Марапаттау Нұр-Сұлтан қаласы министрлер үйінің конференц-залында өтті.

Ләззат Қабиболлақызы ұзақ жылдар бойы білім саласында зор еңбек еткен жан. Ол — нағыз тарихшы. Өз пәнін ерекше жақсы көруді сол кісіден үйрену керек. Ләззат Қабиболлақызы – өз ісінің шебері, алтыннан да бағалы ойларын, ақыл-кеңесін беруге әрдайым дайын. Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа технологиялық-инновациялық әдіс-тәсілдерді оліс-тәжірибесінде айқын көрсете алады.Әдістемелік шеберлігі үнемі ізденіс, толғаныс үстінде ұшталып отырады.

Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне жан-жақты терең білім берген ұстаздарымыз арқылықол жеткіземіз деп білеміз.Осындай ұстаздар қатары көбейе берсе, білім алып жатқан балаларымыздың оқуға қызығушылықтары әрі қарай артады деп ойлаймыз. Ләззат Қабиболлақызы еңбегі зор, адамгершілігі мол адам. Өзінің алға қойылған мақсаттарының орындала беруіне, өз еңбегінің жемісін көруге тілейміз!

 

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries