Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
- Толығырақ
- Құрылды 15.10.2018 15:23
Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде 2018 жылдың 10 қазанында Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына байланысты «қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбында талқылау жиналысы өтті. Жиналысты колледж директоры ашты, С.К.Ташкин «Елбасының Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» бағдарламысы туралы жалпы тоқталып өтті.
Директордың ОӨІЖ орынбасары Л.К.Сарбасова тыңдалды. Инфрақұрылымның әлеуметтік қауіпсіздігіне қаржы бағыттай отырып, білім, ғылым, медицинаға ЖІӨ-нің 10 пайызы жұмсау, мұғалім мәртебесі туралы заң қабылдауды тапсырды. Біздер Президенттің мұғалімдердің мәртебесінкөтеру мақсатында айтылған бұл бастамаларды қолдаймыз.
«Ауыл» партиясының өкілі ретінде Б.С.Тастубаев сөз сөйледі. Білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған өңірлер үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын деп айтып кеткен еді.
Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінің оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдауын толық қолдайды, Елбасының халыққа жолдауын басшылыққа ала отырып, Қазақстан мемлекеті үлкен табыстарға қол жеткізеді.