16/09/2024  Дүйсенбі

Ауа райы

Ашық есік күні

Сәуірдің 25 күні Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі 2018-2019 оқу жылына мектеп түлектерінің мамандықты дұрыс таңдау жасауына кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Аталған шараға аудандық орта мектептердің оқушылары және мұғалімдері қатысты.

Ашық есік күні барысында оқушылар колледждің мұражайымен танысты. Мектеп оқушыларына презентация көрсетіліп, болашақ талапкерлерге бухгалтерия, ветеринар және ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинст мамандықтары бойынша ақпарат берілді. Сонымен қоса оқуға қабылдау ережелері таныстырылды. Іс-шара барысында заманауи оқу құралдарымен жабдықталған оқу кабинеттері, зертханалары, кітапхана, спорт залы және студенттер жатақханасы көрсетілді. Іс-шараны колледж директорының орынбасарлары Г.К.Маштиева мен Л.К.Сарбасова ашып, колледждің тынысы, колледжде даярланатын мамандықтар туралы айтып, мектеп бітіруші түлектерге мамандықты дұрыс таңдау жасауларына өз тілегін білдірді. Колледж қабырғасында білім алып, қазіргі таңда өз білімін тәжірибемен ұштастырып жүрген осы оқу орнының студенті Лавров Никитаға сөз кезегі беріліп, ол өзі таңдаған мамандығы туралы баяндады. «Ашық есік күні» мектеп түлектеріне колледж мұғалімдерінің ұйымдастыруымен экскурсия өткізіліп, буклеттер таратылды.

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries