16/09/2024  Дүйсенбі

Ауа райы

2018 жылдың 1 наурызында Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

2018 жылдың 1 наурызында Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Мағжан Жұмабаев атындағы колледжде, облыс төңірегіндегі колледж студенттері арасында Мағжан Жұмабаевтың 125 жыл толуына орай «Мағжан жыры – мәңгілік» атты облыстық Мағжан оқулары байқауы өтті. Біздің Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінен 1 курс студенті Байишов Эдуардт «Мен Мағжанды сүйемін» номинациясы бойынша қатысып, ІІ орынға ие болды.

Биылғы жыл студенттеріміз бен колледж оқытушылары үшін жемісті жыл болмақ. Студенттердің жетістігі, біздің жетістігіміз. Біздің колледжге Мағжан оқулары болатыны туралы хабар келген күннен бастап, біз студенттер арасынан ең мықты деген студентті іздедік. Қуанышымызға орай өзіміздің іс шараларға белсене қатысып жүрген, өзінің өлең оқудағы шеберлігімен көзге түскен ветеринар мамандығына оқып жүрген Байишов Эдуардт. Эдуардт өзге ұлт өкілі ретінде Мағжан оқуларындағы ІІІ номинация бойынша қатысатын болды. Хаттың ережесі бойынша Эдуардт Мағжанның бір өлеңі мен бір поэмасынан үзінді оқу керек еді. Қазақ тілі мен әдебиет оқытушысы Абилина Бахытгуль Аскаровнаның дайындығымен «Батыр Баян» поэмасынан батыр Баянның монологін оқыды және «Қазақ тілі» өлеңін студенттің өзінің қалауы бойынша жаттады. Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын облыста жақсы оқыған үшін Эдуардт ІІ орынға ие боды. Өзінің сахнада еркін ұстауымен, шығармашылығын еркін орындауына қарап, әділ-қазы алқасы жақсы баға берді. Сонымен қатар Байишов Эдуардттан тілшілер сұхбат алды. Эдуардт Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңде қандай тақырыпты көтергенін баяндады. Біздің колледж үшін және оқытушы үшін бұл үлкен нәтижет. Біздің тілейтініміз Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінің студенттері биіктен көріне берсің!

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries