16/09/2024  Дүйсенбі

Ауа райы

«Елбасы – ел тірегі» дөңгелек үстелі өткізілді

ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында Ғ.Мүсірепов атындағы Облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы СҚО ЖСБ «Облыстық жастар ресурстық орталығымен бірге «Бірінші бол» акциясын жарияланған болатын. Бұл ауқымды шара 30 қараша күні Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінің кітапханасында «Елбасы – ел тірегі» дөңгелек үстелі өткізілді.

Шараға Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Шаткенов Асан Боранұлы, мұғалімдер Ожанова Жаңыл Қазбекқызы, Мажитов Жанарбек Сайранұлы, Қойшыбаева Қарлыға Жұмаханқызы, Абилина Бахытгүл Асқарқызы, Аубакирова Айжан Исмагиловна және 1 курс студенттері қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты көпшілік арасында ҚР Президенті туралы кітаптарды оқуды насихаттау, мәдени құндылықтарды, өз еліне деген мақтанышты, патроиттық сезімді қалыптастыру болды.

Кітапхана қорындағы Елбасымыз туралы кітаптардан «Елбасы – ел тірегі» кітап көрмесі ұйымдастырылып, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолын көсететін слайд көрермендер назарына ұсынылды. Кітапханашы Мусина А.А. оқушыларды «Нұрсұлтан Назарбаев: Өмірбаян»кітабымен таныстырып, Елбасымыздың өмірі мен қызметін, оның қарапайым ауылдағы жасөспірім кезінен бастап, ұлт көшбасшысына дейінгі өмір жолын әңгімелеп берді. Әсіресе, кітапта берілген Елбасымыздың жеке құжаттарының түпнұсқаларымен тең көшірмелері оқушыларға қатты әсер етті. Үш тілділік - заман талабы, бүгінгі таңда мемлекетімізде үштілділік мәселесі нақты жүзеге асырылып келеді. Осыған орай, акция талабына сай дөңгелек үстел үш тілде өткізілді.

Орыс тілінде «Наш Президент»- кітабымен 11 топ студенті Турахан Аділ, «Лидер нации» кітабы туралы ағылшын тілінде 12 топ студенті Жұмабек Диас әңгімелеп берді. Біз осылайша елі құрмет тұтқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасап, тыңғылықты мәліметтермен таныстық. Елбасының ұстанған сарабдал саясаты, даналығы, парасаттылығы, еліне деген ерен еңбегі – біз үшін үлгі-өнеге.

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries