16/09/2024  Дүйсенбі

Ауа райы

Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде «Ашық есік күні» өткізілді

2017 жылдың сәуір айының 28-жұлдызында, 2016-2017 мектеп түлектеріне мамандықты дұрыс таңдау жасауына кәсіптік бағыт бағдар беру, болашақ мамандардың ауыл шаруашылық бағыттағы көзқарастарын молайту, қазіргі заманауи талаптардың басты сұранысы, ауыл шаруашылық саласы қарқынды дамыту мақсатында Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Аталған шараға ауданның 1, 2, 3 мектептері, Ақтүйесай, Бидайық, Черинговмектеп оқушылары және мұғалімдері қатысты.

Ашық есік күні барысында студенттердің ұйымдастыруымен мерекелік концерт қойылып, буклеттер таратылды. Іс-шараны колледж директоры Ташкин Сайран Кенжетайұлы ашып, мектеп бітіруші түлектерге мамандықты дұрыс таңдау жасауларына өз тілегінбілдірді. Колледжде даярланатын мамандықтар туралы директордың өндірістік оқу ісі жөніндегі орынбасарыМаштиева Гүлнар Калижанқызы баяндады. Биылғы жылы ашылып жатқан «Бухгалтер» мамандығы бойынша, оқушылар 9-сыныптың аттестатымен 2 жыл, 10 айға қабылданатыны туралы ақпарат  беріп, сонымен қатар «Фермер шаруашылығы» мен «санитар ветеринар» мамандықтары бойынша да көп ақпарат берілді. Санитар ветеринар мамандығы өткен жылы алғаш рет ашылса да, осы мамандықтың халыққа қажетілігін көріп, биылғы жылы да 11-сынып аттестатымен мектеп түлектерін қабылдайтынын атап өтті. Мектеп оқушыларына «Талапкер  - 2017» презентациясы көрсетіліп, болашақ талапкерлерге фермер шаруашылығы, бухгалтер, санитар ветеринар мамандықтары бойынша ақпарат берді. Осы кезекте колледж студенттерінің оқу барысындағы, облыс төңірегіндегі жетістіктерін көрінді. Гүлнар Калижанқызы суденттеріміздің биылғы жылғы жетістіктерін атады. Аспазшы мамандығының 2 курс студенті Лукьянова Елена аудан көлемінде өткізілген «Абай оқулары» мәнерлеп оқу сайысында 3 орын алғандығын, сонымен қатар аспазшы мамандығының 2 курс студенті Төлеген Нұрсара мен электоргаздәнекерлеуші мамандығының студенті Охмет Николай облыс көлемінде өткізілген іс-шараға қатысқанын атап өтті. Ақжар ауданында өткізілген КВН ойындарында, әкімнің кубігін ұтып алған Қызылту құрамасы, біздің Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінің студенттері. Колледж түлектері әрі қарай оқу жалғастырғанын және өз мамандықтары бойынша жұмысқа орыналасқанын айтып кетті.

Колледж қабырғасында білім алып, қазіргі таңда іс-тәжірибелерін өтіп жүрген осы оқу орынының биылғы түлегі Ескендиров Гиасқа сөз кезегі беріліп, өзінің таңдаған мамандығы туралы баяндады. Концерттік бағдарлама аясында поэзиямен таңқалдырған 2 курс студенттері Лукьянова Елена мен Алпысбаев Еламан еді, оқытушымыз Ермурат Жайдарлым «Егемен Қазақстан» атты әнін орындады. Талапты да, талантты 1 курс студенті Жумабеков Нурислам big-boxорындаған еді. Колледждің қонағы  болған аудандық білім бөлімініңбасшысы  Аубакиров Айтқазы Алимбайұлысөз сөйледі. Концерттік бағдарлама аяқталған соң, оқушылар колледж бойынша экскурсияға шықырылды. Іс-шара барысында заманауи оқу құралдарымен жабдықталған оқу кабинеттері, зертханалары, кітапхана, спорт зал және алыстан келген оқушыларға жатақхана көрсетілді. Экскурсия аяқталған сәтте мектеп оқушылары, колледждің болашақ талапкерлері өздерінің өтініштерін қалдырды.

Еліміздің тұңғыш Президентіел жастарына «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы  әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысшыл,  биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады» - деген еді. Елбасының «Мен жастарға сенемін!» деп айтқан сөзінен болашақ мамандарға үлкен сенім артыпотырғанын көреміз. Біздің колледжде болашақ мамандарды  даярлап келеді. Мектеп оқушылары дұрыс таңдау жасайтынына сенімдіміз. Биылғы мектеп түлектерін, Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде студенттер тарапында күтеміз!

Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы

Гиззатова Бахытгүл Асқарқызы

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries