21/11/2024  Бейсенбі

Ауа райы

Салауатты өмір салты –денсаулық кепілі

1989 жылдың 15 ақпаны - Кеңес әскерінің шектеулі бөлігі Ауғанстан аумағынан шығарылған күн.

Ауған жеріндегі әскери қақтығысқа 22 мың қазақстандық қатысып, олардың 761-і жат жерде опат болды, 21 адам хабарсыз кетті.

Қанды қырғында оққа ұшқан жауынгерлер есімі алтын әріппен тарихқа енді. 15 ақпан Ауған соғысы ардагерлерi үшiн естен кетпес ерекше күн. Дәл осы күнi Кеңес әскерiнiң Ауған жерiнен қайтару туралы үкiмi шыққан едi. Он жылға таяу уақытқа созылған қанды қырғын осы күнi тоқтаған болатын. Содан берi де мiне, 28 жыл өтiптi. Осы уақыт iшiнде интернационалист жауынгерлер 15 ақпан күнi бас қосып, майдан даласында мәңгiлiк көз жұмған құрбы-құрдастарын еске алып, сол бiр ұмтылмас шақтарды саналарында бiр жаңғыртады. Сонымен қатар аудан бойынша Ауған соғысы ардагерлеріне арналған әр түрлі іс шаралар, спорттық турнирлер, ардагерлер мен кездесулер өткізіліп отырады. Соның бірі биылғы жылы екінші рет өткізілген Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылуына 28 жыл толуына орай кадеттер арасындағы еркін күрестен турнир 7 ақпан күні Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде ұйымдастырылды.

Биылғы турнир ұйымдастыруы мен дайындығы жағынан ерекше өтті. Турнирге барлығы 102 спортшы қатысты. Балуандар Қайрат, Қондыбай, Жасқайрат, Бидайық, Кішкенекөл ауылдары және көршілес Ақжар ауданынан қатысты. Турнирдің ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Айгүл Зендақызы Жауарова спортшыларға сәттілік тілеп, жыл сайын осындай турнирді өткізуді дәстүрге айналдыру керектігін айтып өтті.

Сонымен қатар аудан соғысының ардагері Ақбұлақ ауылының тұрғыны Жүкенов Сейдолла өз сөзінде осы турнирді ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, балуандарға жеңіс тіледі. Турнир қорытындысы бойынша 26 кг салмақта Бахытов Арсен – Ақжар ауданы, 30 кг салмақта Абикенов Амир – Кішкенекөл селосы, 35 кг салмақта Сағындық Мирас – Кішкенекөл селосы, 38 кг салмақта Кайргелді Ермахан –Кішкенекөл селосы, 42 кг салмақта Аубакиров Фархат –Кішкенекөл селосы,  46 кг салмақта Қабиден Досжан – Кішкенекөл селосы, 50 кг салмақта Айтмұхан Ризабек – Кішкенекөл селосы, 58 кг салмақта  Темирболатов Темирлан - Кішкенекөл селосы жеңімпаздар атанды.

Жеңімпаздардың бағалысыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ «Ең үздік тәсілі үшін»  Айтмұхан Ризабек - Кішкенекөл селосы, «Жеңіске деген ынтасы үшін» Зайныш Айдын –Ақжар ауданы, «Көрермен көзайымы»  Нұрғали Олжас – Кішкенекөл селосы, «Ең жас балуан» номинациясын Хима Бағұстар – Қайрат ауылы иеленді. Турнирге ауданымздың көптеген спорт жанашырлары демеушілік жасады. Атап айтсақ, осы турнирдің ұйымдастыруына басшылық жасаған Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінің директоры, ауған соғысының ардагері Сайран Кенжетайұлы Ташкин, аудандық ардагерлер ұйымы, аудандық спорт бөлімі, аудандық балалар және жасөспірімдер мектебінің директоры Бектай Сұлтанғазыұлы,  бапкер Асқар Боранұлы Шаткенов, бапкер Сейлбек Қойшыбайұлы Сарбасов, Уәлиханов ауыл шаруашлық колледжінің дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Асан Боранұлы Шаткенов.

Турнирдің жабылу салтанатында ауған соғысының ардагері, Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінің директоры Сайран Кенжетайұлы Ташкин балуандарды жеңістерімен құттықтап, осы турнирдің өткізілуіне атсалысқан демеушілерге, бапкерлерге, қатысушы балуандарға, колледж ұжымына алғысын білдірді.

Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі

директорының оқу-тәрбие жөніндегі

орынбасары  А.Шаткенов

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries