08/09/2024  Жексенбі

Ауа райы

«Junior Skills Kishkenekol – 2023: оқушылардың кәсіби жетістіктері»

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 2023 жылғы 17 ақпанда «Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі» КММ-де Кішкенекөл ауылының мектеп оқушылары арасында «Junior Skills Kishkenekol – 2023: оқушылардың кәсіби жетістіктері» атты аудандық байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаттары: кәсіптік оқыту сапасын арттыру, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу және оқушылардың оң тәжірибесінен мысалдар көрсете отырып, кәсіби деңгейін анықтау.

Конкурс нақты тапсырмаларды орындауды, сапаны бағалауды және қатысушылардың жеке және топтық бағалауын көздейтін жарыс болды. Конкурсты өткізу үшін әдістемелік материалдарды арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері дайындады.

Кәсіби шеберлік байқауы екі құзырет бойынша өтті: «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» және «аспаздық іс».

Кішкенекөл ауылының мектептерінен 20 оқушы (№1 Кішкенекөл орта мектебі, Мектеп жанындағы интернаты бар №2 Кішкенекөл орта мектебі, Кішкенекөл

мектеп – гимназиясы) осы іс-шарада белсенділік танытып, өз күштерін сынап көргісі келді.

Жеңімпаздарға 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар, конкурсқа қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табыс етілді.

Конкурс қорытындысы:

«Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету»құзыреті

1 дәрежелі диплом-Ханибеков Нұрлан - мектеп жанындағы интернаты бар №2 КОМ

2 дәрежелі диплом – Медет Дінмұхамед-мектеп-гимназия

3 дәрежелі диплом-Тайжан Алижан - №1 КОМ

«Аспаздық іс» құзыреті

1 дәрежелі диплом-Жолдасбай Аяулым - мектеп жанындағы интернаты бар №2 КОМ

2 дәрежелі диплом -Тайбасарова Сандина-мектеп-гимназия

3 дәрежелі диплом -Амангельды Дильназ-№1 КОМ

2023 жылдың 01 қыркүйегінен бастап колледж студенттері арасында конкурстың жеңімпаздары мен қатысушыларын күтеміз!

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries