08/09/2024  Жексенбі

Ауа райы

Облыстық ғылыми-техникалық форум

09.11.22-1

Ағымдағы жылдың 8 қараша күні Петропавл қаласында «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» КММ білім алушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығының инновациялық дамуын ынталандыру, жобалау, зерттеу, конструкторлық және өнертапқыштық қызметтегі құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында облыстық ғылыми-техникалық форум өткізілді. Байқауға Уәлиханов ауыл шаруашылық колледж студенттері Нюденова Арина мен Санькина Карина арнайы пәндер оқытушысы Мажитов Жанарбек Сайранұлының және Сериков Алишер Арманұлының жетекшілігімен өз жұмыстарын ұсынды.

Форумның «Бізді таң қалдыр» құрылысы саласындағы жобалар бағыты бойынша  «Фермер шаруашылығы» мамандығының 31 топ студенті Санькина Карина жүлделі І орынды иеленді.
Қолданыстағы  автокөлік модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық конструкция бағыты бойынша 31 топ студенті Нюденова Арина ІІІ орынға ие болды.

Форум ұйымдастырушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз! Біздің жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

09.11.22-1

09.11.22-1

09.11.22-1

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries