22/11/2024  Жұма

Ауа райы

Уалиханов ауыл шаруашылық колледжінде «Сүйіспеншілік өмір өзегі» атты  «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорын ұйымдастырушы және президенті Сара Алпысқызының 80 жылдық мерейтойына орай сынып сағаты өткізілді

9 ақпан күні Уалиханов ауыл шаруашылық колледжінде «Сүйіспеншілік өмір өзегі» атты  «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорын ұйымдастырушы және президенті Сара Алпысқызының 80 жылдық мерейтойына орай сынып сағаты өткізілді.

09-02-21-1

Сара Алпысқызы - 1992 жылы "Бөбек" қайырымдылық қорының негізін қалаған болатын.  Ұйым қызметінің басты бағыттары: ана мен баланы қорғау, нәрестелер мен балалар үйлерін қамқорлыққа алу, мектептерді қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету, тұрмыс дәрежесі төмен отбасынан шыққан дарынды балаларға қолдау көрсету, балалар денсаулығын сақтау ісіне жәрдемдесу. Ол жетім балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастырып, елімізде тұңғыш "SOS Киндердорф" балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық болды. Сонымен қатар, Республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындарында  білім алып жүрген жетім балалардың жағдайларын да ерекше назарда ұстап, «Бөбек» қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді.
Біртуар тұлғаның есімі тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге, шет елдерде де мойындалған. Мектептерде «Өзін-өзі тану» пәні енгізіліп, оңалту орталықтарының, жастар үйлерінің құрылыстары ұйымдастырылып, балаларды тәрбиелеу жөнінде жалғыз басты аналар мен әкелерге көмек көрсетілді, отбасылық үлгісіндегі балалар үйлері құрылды. Осы орайда өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Бахытгүл Асқарқызы 2-курс студенттеріне  Сара Алпысқызының Қазақстанның барлық балаларына қамқор бола алғандығын атап өтті.

09-02-21-2    09-02-21-3

 

 

 

 

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries