16/09/2024  Дүйсенбі

Ауа райы

Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді

2018 жылдың 9 ақпан күні Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді.

15-ақпан Ауған жерінен Интернациолист жауынгерлердің шығарылғанына 29 жыл толуына байланысты ардагер ағаларымыздың құрметіне арналған мерекелік кешке қаһарман жерлестеріміз: Алдабергенов Болатбек, Ахметов Рашит, Бапен Сакен, Құдияров Қабдол, Құсайынов Асылбек, Ташкин Сайран, Жүкенов Сейдолла қатысты.

Іс-шарадастуденттер белсенді өнер көрсетіп, ән-билерімен қонақтарымызға жақсы көңіл-күй сыйлады. Кеш барысында колледж директоры С.К.Ташкин жастарға әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктерін ұсынды.

Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries