16/09/2024  Дүйсенбі

Ауа райы

15 желтоқсан күні мұражайдың салтанатты ашылуы болды

Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде 2017 жылдың 15 желтоқсан күні мұражайдың салтанатты ашылуы болды. Іс-шараға Білім бөлімінің басшысы Аубакиров А.А., аудан әкімінің орынбасары Хасинеев Б.С., маслихат депутаты Сайткен М.Н., колледждің ардагер жұмысшылары: бугалтер Товстуха Н.Я., директордың орынбасары Султанов К.Н., ардагер ұстаздар -Султанбеков М.М., Султанбекова Ж.Е., түлектерден Егимбаева К.Н., т.б. қатысты.

Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінің тарихы 1959 жылдан бастау алады. Аға буынның талмас еңбегі мен қажымас қайраттың арқасында оқу орнының естеліктер қоры жыл сайын толыға түсті. Олардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестерінің, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек, колледждің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері мен еңбектері ерен.

Колледж мұражайында ардагер ұстаздардың, мекеме басшыларының, ерекше көзге түскен түлектерінің суреттері, колледж жетістіктері мен марапаттары, колледж студенттерінің өз қолымен істеген киіз үйі, ауыл шаруашылық техникасының макеттері, кітаптар, т.б. орын алды.

Мұражай лентасын салтанатты қию рәсімін аудан әкімінің орынбасары Б.С. Хасинеев пен колледж директорының оқу өндірістік жұмысы бойынша орынбасары Г.К.Маштиева өткізді.

Мұражай қорын толықтыруға колледж оқытушылары ат салысты. Мұражай жұмысы ешқашан аяқталған емес және оны дамыту мен жетілдірудің шегі болмайды. Күннен күнге шығармашылық ізденістер арқылы мұражайды жаңа материалдармен және экспонаттармен толықтыру жұмысы жалғаса береді.

Келешекте біздің міндетіміз — Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінің мұражайын мәдени және рухани орталыққа айналдыру.

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries