16/09/2024  Дүйсенбі

Ауа райы

«Студенттік қатарға қабылдау» мерекелік іс-шарасы өткізілді

Қызығы мен қиыншылыққа толы студенттік шақ адам өміріндегі ең бір қимас кезеңдердің бірі. Олар үшін төрт жылдық мерзімнің әрбір күні мереке. Қарашаның 17-ші жұлдызы студенттер үшін ерекше күн. Себебі бұл күн олардың ресми мейрамы, халықаралық студенттер күні.

22-ші қараша күні Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде бірінші курс студенттеріне арналған «Студенттік қатарға қабылдау» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Алғашқы құттықтау сөз кезегі колледж директоры С.К.Ташкинге берілді. Сайран Кенжетайұлы барша студенттерді мерекелерімен құттықтап, оқуда озат болуды тіледі. Мерекелік шарада 1 курс-студенттеріне «Студент» атты асқақ атты иемдену үшін қажет ең негізігі құжат – «Студенттік билет» табысталып, одан әрі жастар Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінің студенті деген атқа лайықты болуға ант қабылдады

Мерекелік кеш барысында колледж студенттері мен түлектері өздерінің өнерлерін көрсетіп, көпшілікке концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries