«Қызықты қазақ тілі» сайысы
- Толығырақ
- Құрылды 22.09.2017 23:00
Қазақстан халқының тілдері күні. 1998 жылдың 20 қаңтарында елімізде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды.
Жыл сайын бұл мерекені Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері мен ұлыстар тойлап келеді. Атап айтқанда, Қазақстанда 100-ден асатын ұлттардың біразында өз тілдерін оқытатын мектептері бар және оларды мәдени-рухани қолдау бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясы да жұмыс істеп тұр.
2017 жылы тілдер мерекесі аясында еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар өтті. Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде 21 қыркүйек күні студенттер арасында Тілдер мерекесіне орай «Қызықты қазақ тілі» сайысы өткізілді. Сайысқа 1,2 курс студенттері белсене араласты. Сайыс барысында студенттер жақсы нәтиже көрсетіп, І, ІІ орынға ие болды. Жауапты оқытушылар Абилина Бахытгүл Асқарқызы, Қойшибаева Қарлыға Жумаханқызы. Одан басқа 20 қыркүйек күні “ Полиглот” интеллектуалдық сайысы; 22 қыркүйек - “Бір шаңырақ астында” фестивалі өткізілді.