16/09/2024  Дүйсенбі

Ауа райы

Отан қорғаушылар мерекесі

5 – мамыр күні  Уалиханов ауыл шаруашылық  колледжінде  Отанқорғаушылар күніне арналған мерекелік іс шара өтті.Іс шараның мақсаты студенттерді патриоттық сезімін ояту өзін өзі халыққа өнерін көрсету.  Мереке жүргізушісі өлең жолдарымен ер азаматтарды құттықтай отырып , сөз  кезегін директордың   оқу өндірістік жұмысы бойынша орынбасары Маштиева Гульнар Калижановнаға берілді. Жылы тілектер айтылғаннан кейін Химия және биология пәнінің мұғалімі Жайдарлым Ермұратқызы «Шекарашы сарбаздар»  әнін орындады.

Қазақстан сарбаздары бейнеленген презентация көрсетіліп отырды. Келесі кезек 12- тың дайындаған испан биіне берілді. Студенттермен газетпен байланысты ойындар өткізіліп көрермендердің көңілін көтерді, жеңіпаз сыйлықпен марапатталды.

Мереке 11- топ студенті Жагипаров Еламанның өнерімен жалғасты.Мың бұралған  замануи «Эндшпил» атты биді 12 – топ қыздары билеп шықты. Жүргізуші сөз кезегін мына өлең жолдарымен аяқтады:

Жердің аман тұрғандығы,
Сол намысқой еркектердің арқасы...
Немесе ...Қайғы келсе жеңілмейтін,
Бақыт келсе, семірмейтін,
Ер мінезін қадірлейтін,
Еркектердің даңқы артсын!- деп жырға қосқан.

Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді азаматтарымызға жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін! Деп мерекелік кеш аяқталды.

Бұл мерекеден студенттердің көңілдері көтеріліп, мерекеден үлкен әсер алғандарып айтты.

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries