Мақалалар мен жаңалықтар
Көңілді бастаулар
- Толығырақ
- Құрылды 14.03.2023 16:54
Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында колледжіміздің дене шынықтыру пәндерінің оқытушылары Ермек Абузарович және Бауыржан Шаменовичтың ұйымдастыруымен оқытушылар арасында «Көңілді бастаулар» атты спорттық жарысы өткізілді. Жарыс өте көңілді, әрі тартысты өтті! Жарыс нәтижесінде "Спортшылар" командасы жүлделі I орынды иеленді! Бұл бастамалар жаңа оқу жылын көңілді, әрі сергек бастауға әсер етеді деген ойдамыз! Қатысқан ұстаздарға және әділ қазы өкілдері болған Нурия Закировна мен Алия Алькеновнаға алғыс айтамыз!
Конкурс-смотр «Лучший кабинет-лаборатория»
- Толығырақ
- Құрылды 23.01.2023 16:06
6 января 2023 года в КГУ «Уалихановский сельскохозяйственный колледж» прошел конкурс «Лучший кабинет-лаборатория».
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
- Толығырақ
- Құрылды 30.12.2022 10:07
Ағымдағы жылдың 28 желтоқсанында Уәлиханов ауылшаруашылық колледжінде «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты студенттерге арналған жаңа жылдық мерекелік кеш өткізілді. Жаңа жылдық шыршада директордың оку-ісі жөніндегі орынбасары Усенова Гульзира Рамазановна Жаңа жыл мерекесімен құттықтау сөзін сөйлеп, студенттерді марапаттады. Әдемі безендірілген жасыл шырша жанында Аяз ата, Ақшақар, қоян мен барыс балалар көңілін серпілтті. Студенттеріміз әсем әндерімен мың бұрала билеп, кейіпкерлер ойындар ойнатып, көз тартар көріністер қойды. Жаңа жыл шыршасында балалардың көңілі шат-шадыман. Қатысушы балалар ән жырдан шашу шашып өнерлерін көрсетіп, Аяз атамен Ақшақардан тәттілерін алды.
«Желтоқсан жаңғырығы»
- Толығырақ
- Құрылды 13.12.2022 10:15
Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Уалиханов ауыл шаруашылық» колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларын бейнелейтін деректі фильм көрсетілімі өткізілді. «Желтоқсан жаңғырығы» деректі фильмінің көрсетілімі жастарға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығын түсіндірумен бірге жүзеге асырылды.